Құрметті алматылықтар!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурызында 08 сағат 00 минутынан бастап 2020 жылғы 15 сәуірдің 07 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді.

Осы себепті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жұмыс форматына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеміз:

  1. Карантиннің қолданылу кезеңінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесінде мәжілістер, қоғамдық тыңдаулар, кездесулер және т. б. тоқтатылады.
  2. Жеке түрде қатынасу тоқтатылады. Барлық өтініш-хаттарды жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін электрондық пошта: info@almatykenes.kz арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.
  3. Барлық сұрақтар бойынша 292 10 02 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы “Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы” Қаулысын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында қабылданды.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Құрметпен, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі

 

Ұқсас мақалалар

Анонстар

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің үндеуі!

Әлем, оның ішінде біздің еліміз де қауіпті COVID-19 вирусының таралуына тап болды. Оның құрбандары – әлемдегі мыңдаған адамдар. Пандемияның зардаптарын болдырмау үшін Қазақстанда қатаң шектеулер енгізілді. Өмірді қамтамасыз ету құрылымын қоспағанда, барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Толық оқу…

Анонстар

«Көктемгі тазалау -2020»

Алматы қ. Қоғамдық кеңесі қалалық саябақтарды, көшелер мен тротуарларды абаттандыру бойынша ұсыныстар жинағын жариялайды. Жолдардағы шұңқырлар, қираған жолдар, бұзылған плиткалар, заңсыз автотұрақтар, полигондар және қоғамдық кеңістікті абаттандырудың басқа мәселелері туралы хабарламаны 1 сәуірге дейін жіберіңіз. Толық оқу…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support