2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Жолаушыларға қызмет көрсету, ұйымдастыру және қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы Алматы халықаралық әуежайының қызметі туралы» қоғамдық тыңдау өткізеді.
Мақсаты: мемлекеттік органдардың, Алматы халықаралық әуежайының және қызмет көрсету сапасы мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әртүрлі қызметтердің қызметін талдау және қоғамдық бағалау.

Міндеттері:
– барлық уәкілетті органдар өкілдерінің қоғамдық тыңдаулар жөнінде ақпаратын тыңдау;
– Алматы халықаралық әуежайындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен оның жобаларын дайындау.

Модератор: Алшанов Р.А., Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 16-18, «Тұран» университеті, акт залы, 3 қабат.

Өтетін күні және уақыты: 2020 жылғы 27 қаңтарда, басталуы сағ.15-00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: +7 (727) 292-10-02.

Ұқсас мақалалар

Анонстар

Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің үндеуі!

Әлем, оның ішінде біздің еліміз де қауіпті COVID-19 вирусының таралуына тап болды. Оның құрбандары – әлемдегі мыңдаған адамдар. Пандемияның зардаптарын болдырмау үшін Қазақстанда қатаң шектеулер енгізілді. Өмірді қамтамасыз ету құрылымын қоспағанда, барлық кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылды. Толық оқу…

Анонстар

Хабарландыру!

Құрметті алматылықтар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурызында 08 сағат 00 минутынан бастап Толық оқу…

Анонстар

«Көктемгі тазалау -2020»

Алматы қ. Қоғамдық кеңесі қалалық саябақтарды, көшелер мен тротуарларды абаттандыру бойынша ұсыныстар жинағын жариялайды. Жолдардағы шұңқырлар, қираған жолдар, бұзылған плиткалар, заңсыз автотұрақтар, полигондар және қоғамдық кеңістікті абаттандырудың басқа мәселелері туралы хабарламаны 1 сәуірге дейін жіберіңіз. Толық оқу…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support