Алматы қаласының  Қоғамдық кеңес ін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс  тобы  Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің  шығып қалған мүшелерінің орнына  сайлау өткізу бойынша конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы » Заңына сәйкес Алматы қаласының  Қоғамдық кеңес ін қалыптастыру жөніндегі  жұмыс  тобы   Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің  шығып қалған мүшелерінің орнына  сайлау өткізу бойынша конкурс жариялайды.

Қоғамдық кеңестің басты мақсаты- қаланың қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру және   азаматтық құқықтарды жүзеге асыру.

 Аталған Заңның 10-бабының талаптарына сәйкес  Қоғамдық кеңестің құрамына  18 жасқа толған,  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте  тұратын  Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйымдар мен әр азаматтар бір үміткерден   артық ұсына алмайды.

Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңес  үміткерлеріне  Заңның  10-бабы 1-тармағына сәйкес  талаптар қойылады.

 Құжаттар жұмыс тобына 2018 жылғы 05 қыркүйек  – 25 қыркүйек аралығындағы мерзімді қоса алғанда  дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін)   мына мекенжай бойынша: 050000, Алматы қ., Желтоқсан к. 37 үй, оф. 408, анықтама телефондары: 8 (727) 279 08 98, 279 27 47. Электрондық мекен-жайы: almatykenes@gmail.com тапсырылады.

Коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар 20 күндік мерзімде конкурс  туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейін  мынадай қажетті құжаттарды ұсынады:

  1. КЕҰ-ң жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. белгіленген  нысанда  толтырылған  өтінімді  (өтінімнің нысанын)  мына жерден жүктеп алуға болады: 
  3. мекенжай анықтамасы;
  4. соттылығы бар немесе жоқтығытуралы анықтама  (ХҚКО арқылы);
  5. психикалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық немесе токсикомания жағдайы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде болмауы туралы анықтама;
  6. жеке куәліктің көшірмесі;
  7. 3х4 фотосурет.
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта