Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің мәдениет, ішкі және жастар саясаты, спорт, дін жөніндегі №5 комиссиясы Қоғамдық кеңес туралы ережеге және 2018 жылғы 23 мамырда бекітілген мемлекеттік органдар басшыларының есеп беру кестесіне сәйкес тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахат Сейдахметовна Шимашеваның есебін тыңдады. Отырысты аталған комиссияның төрағасы Құсман Кәрімұлы Шалабаев жүргізді.

   Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Шимашева өзінің баяндамасында мақсатты индикаторлардың жетістіктерін атап өтіп,  тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын қамтамасыз ететін жүргізіліп отырған үйлесімді тілдік саясатқа да тоқталды. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау, сондай-ақ атқарылған ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту бойынша жұмыстарды  толық сипаттады.

    Қоғамдық кеңес мүшелері талқылау қорытындысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасы басшысының есебін бекітті және  мемлекеттік тілді  оқыту үдерісін ынталандыру, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін
арттыру ұсынылды.

 

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта